Алматыда мектепке шығып кеткен қызға іздеу жарияланды

Бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылындағы үйден Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы мектепке кеткен 9 жасар Айша Тимур іздеу жарияланды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Полицияның телеграм каналы хабарлады. 

9 жастағы қыздың белгілері: арық денелі, шашы - қара түсті. Қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ киген. Рюкзак қызыл түсті.