Алматыда мектеп оқушысын өз әкесі мен өгей әкесі зорлаған
Алматылық ер адам 15 жастағы қызын зорлаған. Жәбірленуші сұмдық жағдайды диктофонға жазып алып, қоғам қайраткерлеріне жүгінген, деп хабарлайды “Астана” арнасы.
Алматы, NEGE. Педофил өз әрекетін жасырмады. Ол қызының өзіне бала туып бергенін қалағанын айтады. Бұл туралы “Немолчи” қоры мәлімдеді.
Қыз бес жасынан бастап зорлық-зомбылыққа ұшыраған, оны өгей әкесі де зорлап келген.
“Ол 5 жасында, содан кейін 9, 11 жасында зорлық-зомбылық көрді. 5 жасында – бірінші өгей әкесі, содан кейін екіншісі зорлаған. Қыз өз әкесінің үйіне білім алу үшін көшіп келген. Осы уақытқа дейін ол әкесін мүлдем танымаған”, – дейді “Немолчи” қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Татьяна Корол.
Анықталғандай, қыздың әкесі осыған дейін де педофилия бойынша сотталған. Түрмеден шыққаннан кейін зорлаушы өз қызын "асырап алған".
“Бұл факт 120-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Күдікті ұсталды, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қор сонымен қатар қорқынышты статистиканы ұсынды. Соңғы бес жылда елімізде кәмелетке толмағандарды зорлау оқиғасы екі есеге өсті. Өткен жылы олардың саны 227, ал 2016 жылы – 100 жағдайға аз болды. Түзеу мекемелерінде 1500-ден астам педофил бар”, – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасы.