Алматыда мектеп құрылысына жергілікті өндірушілер тартылады

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін отандық өндірушілер тартылады. Оның аясында қалада 37,1 мың оқушы орынды 22 мектеп салу жоспарланған.

Алматы, NEGE. Мектептерді жиһазбен, құрылғылармен қазақстандық өндірушілер жабдықтайды. Қазір жобалық құжаттама әзірленіп жатыр, құрылыс күзде басталады.

«Мектептер салу бойынша белгіленген тәсілге сәйкес, олар негізінен отандық өндірістің тауарларымен жарақтандырылады. Әкімдік өз тарапынан осы жобаны іске асыруда жергілікті өндірушілерге барынша қолдау көрсетуге дайын», - деді қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров. 

Бүгінде Алматыдағы сегіз мектеп бойынша құрылыс салушылармен келісімшарттар жасалды. Жаңа мектептер заманауи стандарттарды, қажетті инфрақұрылымды ескере отырып салынады.