20 октября 2022 г. 16:37
Алматыда MEGA сауда үйінің жанынан емхана салынады
Алматыда қала тұрғындарының өтінішімен MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық сауық орталығының жанынан емхана салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Алматы, NEGE. «MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық сауық орталығының төңірегінде азаматтарды әлеуметтік объектілермен қамтамасыз ету үшін қала тұрғындарының өтінішін ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі парк аймағы бар, 500 келушіге арналған емхана салу үшін 1,1 га жер учаскесін сатып алды. 2023 жылдың I тоқсанында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді, 2023 жылдың IV тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады», - деді қала әкімі.