Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолымен өтудің режимі белгіленді

Қ

ұлаған тастардың салдарын жоюға байланысты Медеу-Шымбұлақ автожолымен өтудің режимі белгіленді, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

Алматы, NEGE."Аспалы жол іске қосылғанға дейін электромобильдер мен жаяу жүргіншілер 09.00-ге дейін, 12.00-ден 14.30-ға дейін және 18.00-ден кейін кіре алады.Аспалы жол іске қосылғаннан кейін 1 қарашадан бастап электр көліктеріне 09.00-ге дейін және 18.00-ден кейін кіруге рұқсат. 13.00-ден 14.00-ге дейін техникалық қызметтердің арнайы көлігі ғана кіре алады", - деп жазды Алматы әкімдігі баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Өзгеріс қосымша хабарланады.

25 қазаннан бастап Медеу-Шымбұлақ жолындағы құлаған тастарға қатысты жұмыстар басталды. Қазір автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады