Алматыда марафон өтіп жатыр
Алматыда марафоншылардың дәстүрлі жарысы өтіп жатыр.
Алматы, NEGE. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осымен 10-шы рет өтіп жатқан марафонға шет мемлекеттерден де үміткерлер қатысып жатыр. Спорт әуесқойлары келесі қашықтықтар бойынша сынға түсуде: 10 шақырым, 21,1шақырым, 42,2 шақырым, Экиден командалық эстафетасы, 10 шақырым скандинавиялық жүріс. Қатысушылардың жас мөлшері: 10 км және 10 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан бастап, 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарына – 18 жастан бастап, Экиден командалық эстафетасына – 16 жастан бастап.