Алматыда Мәметова және Уалиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады

Алматыда Мәметова және Уалиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады , деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE.  "2022 жылғы 12-15 шілде аралығында Медеу ауданының аумағындағы Мәметова және Уалиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Алматы жылу жүйесі мекемесінің мәліметінше, аталған көшелердегі магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіліп отыр.