Алматыда майнингтік ферма анықталды
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Алматы индустриялық аймағында орналасқан «майнингтік» ферманы анықтады.
Алматы, NEGE. Тергеу сотының санкциясымен жүргізілген тінту барысында 6 контейнерде майнингттік фермаларында криптовалютаны өндіруге арналған шифрлау кешені бар 700-ден астам жабдық анықталып тәркіленген болатын. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.