9 августа 2023 г. 18:06

Алматыда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі

Фото:

Алматы қаласы Мәслихаты 2023 жылдың тамыз айынан бастап мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты келесі ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысы өседі: зообақ, цирк, ойыншық театры, "Алатау" дәстүрлі өнер театры, мемлекеттік архив, кітапхана, музейлер бірлестігі және "Алматы әуендері".

Қазір мәдениет қызметкерлерінің орташа жалақысы 138 мың теңге. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мәліметінше, жас мамандар жалақының аздығынан кетіп жатыр. Еңбекақыны ынталандыру үстемеақысын белгілеу мәселесі Алматы қаласы мәслихатының қарауына ұсынылды.

Тегтер: