Алматыда локдаун енгізіле ме?

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы қандай жағдайда толықтай карантинге жабылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  Жандарбек Бекшин шектеу шараларын жалғастыру керектігін баса айтты. «Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 5000 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орындарды толығымен аламыз. Бұған жол беруге болмайды. Егер күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Уақтылы шаралар қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз - бұған жол бермеу», - деді ол ZOOM конференциясы барысында. Еске салайық, 10 наурызда Алматы «қызыл» аймаққа енді. Карантин режимі қалада 13 наурыздан бастап күшейтілді. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис мектептерінде сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспайтынын айтқан болатын. Сонымен қатар, өткен демалыс күндері, яғни 13 және 14 наурызда, қалада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті