Алматыда лаңкестікке қарсы жаттығу өтіп жатыр

Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан №8 қалалық клиникалық аурухана аумағында 6:00-ден 14:00-ге дейін лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Алматы қаласының лаңкестікке қарсы күрес бойынша жедел штабының мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Жаттығу міндеттері лаңкестік актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар оқу-жаттығу кезеңінде шектеу шаралары қарастырылған.

«Осыған байланысты біз азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, тыныштық пен қауіпсіздік шараларын сақтауға, оқу-жаттығуларға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз», - деп хабарлады жедел штабтың өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады