Алматыда лаңкестік пен тонауға қатысы бар 1 237 адам ұсталды
Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар 1 237 адам ұсталды, деп хабарлады қала комендатурасының ақпарат орталығы.
Алматы, NEGE. 31 бірлік атыс қаруы мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленді. Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы лаңкестерден тазартылды. Блок бекеттерде 38 адам ұсталды. «102» басқару пультіне 608 хабарлама, ал комендатураның Кол-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түсті.