Алматыда ламинат қоймасы өртенді

Бүгін сағат 01:36-да Сүйінбай даңғылындағы ламинат қоймасында өрт шықты.

Алматы, NEGE. Өрт 04:40-та толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.