Алматыда курьерлерге жаңа талап қойылды

Алматыда курьерлік жәшіктер нөмірленетін болады, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Алматы, NEGE. Курьерлік қызмет көрсететін компаниялардың басшылары мен полиция осындай шешімге келді.

"Яндекс" пен "Шокофуд" өкілдері алғашқылардың бірі болып заң бұзушылыққа жол бермеу үшін курьерлерді тәртіпке шақырды. Олар курьерлердің жұмыс жәшіктерін міндетті түрде нөмірлеу туралы шешім қабылдады. Нөмір әр қырынан анық көрініп, қараңғыда да көрінуі керек. Өкінішке орай, біздің тәжірибемізде курьерлердің қатысумен болған тәртіп бұзушылықтар аз емес. Енді куәгерлер жәшікте көрсетілген нөмірді айта алады – бұл маңызды бастапқы деректер", - деп түйіндеді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.