Алматыда Құрбан айт қарсаңында жаңа шектеулер енгізілді

Бүгіннен бастап Алматының кіреберістерінде бекеттер қойылады.

Алматы, NEGE. Бұл Құрбан айт қарсаңында қаланың аумағына мал әкелмеу үшін жасалып жатқан шара. Сол себепті мұндай шектеулер шілденің 22-сіне дейін жалғасады. Шаһардың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осыған қатысты тиісті Қаулы шығарды. Онда шілденің айт күндері ұйымдарда, жеке үй иеліктері мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Бұл айт намазына да қатысты. Сондай-ақ мегаполисте мал сою цехтары мен базарлардың жұмыс істеуіне, малды автокөліктер мен жекеменшік үйлерде сатуға болмайды. Онлайн тапсырыс бергендердің құрбандығы орталық мешітте шалынады.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады