Алматыда күн суытып, қар жауады
Алматыда күн күрт суытып, үсік жүреді.
Алматы, NEGE. Синоптиктердің хабарлауынша, келесі аптада сынап бағаны минус 5-ке дейін төмендеп, күн күрт суытады деп күтіледі. 19-20 сәуірде ауа температурасы 20 градус, күн бұлтты болады деп болжанады.
Ал 21 сәуірде ауа-райы бұзылып, жаңбыр жауады, сынап бағаны 3 градусты көрсетеді деп күтіледі. 22 сәуірде сынап бағаны 4 градусты көрсетеді, қар жауады деп күтіледі, 23 сәуірде минус 5 градусқа дейін күн суытуы мүмкін деп болжайды синоптиктер.