Алматыда күн бұзылады
21 қазан осы айдағы ең жылы күн болды. Бүгін термометр бағаны 24,2 градусқа көтерілді. Рекордтық көрсеткіш 1908 жылы тіркелген екен, сол жылы 21 қазанда ауа температурасы 28,6 градусқа жеткен.
Алматы, NEGE. «Қазгидромед» маманы Гүлтаңсық Медеуованың айтуынша, ертеңнен бастап күн райы бұзылады.
«Ашық ауа райы ертең түске дейінге ғана созылады. Түс ауа күн райы өзгереді. Жұма-сенбі күндері жауын-шашын болып, арты қарға айналады», – деді Г.Медеуова.
Биылғы қазан Алматыда құрғақ болыпты. Әдетте бұл мезгілде жауынның қалыпты нормасы 60 миллиметр болатын, ал биыл тек 4,7 миллиметр ғана жауған.