Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алған миллионыншы тұрғын тіркелді

Медициналық ақпараттық жүйелер мәліметінше, Самал Оқапова Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын.

Алматы, NEGE. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында жазды. «Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина алды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық», – деп жазды қала әкімі.