Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Алматыда коронавирус жұқтырған 3940 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті.

Алматы, NEGE.  «Инфекциялық стационарларда 3940 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 113 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 362 адам жатыр. Ал 58 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 149 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 170 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 8 108 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 7863 науқас. 245 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады