Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Алматыда коронавирус жұқтырған 3 868 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Алматы, NEGE. Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 677 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 557-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 120 -ы симптомсыз ауырған. «Инфекциялық стационарларда 3 868 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 101 бала емделуде. 885 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 983 науқас орташ.а ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 258 адам жатыр.

Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 85 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 328 пациент бар. Оның ішінде 5 522 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 806 адамда ауру белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр