Алматыда коронавирус жұқтырған 393 науқас тіркелді

16 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 393 жағдайы тіркелді, оның ішінде 6-ы балалар​ және​ 4 жүкті әйел.

Алматы, NEGE. Жаңа жұқтыру​ жағдайы​ – 23. Оның ішінде Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 медицина қызметкері, 22 адам індет жұқтырған адаммен байланыста болғандар.

Кеше коронавирустық инфекция расталған тағы бір пациент көз жұмды. Бұл  1960 жылы туылған пациент 8 сәуірден бастап жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емдеуде провизорлық бөлімшесінде емдеуде болды. Алынған талдаулары оң нәтиже берді.

Кеше Covid-19-дан сауығып қалған тағы үш пациент емдеуден шығарылды. Олардың барлығы бұрын анықталғандар вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғандар, олардың ішінде 2009 жылғы бала бар.

Бүгінгі күні емдеуден шығарылған адамдардың саны 61 адамды құрайды. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке ала отырып, Covid-19-дан 330 пациент емделуде.

Провизорлық госпитальдарда​ 368 адам, оның ішінде​ 7-уі​ бала, карантиндік оқшаулауда​ –​ 426, үй карантинінде​ –​ 7288 адам.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды