Алматыда коронавирус өршіді

Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша 'сары' аймаққа өтті.

Алматы, NEGE. Бұған дейін  елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, республика аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің “сары” аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдаған:

 - Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;

- COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;

- Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;

- 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.