Алматыда көрнекті жазушы Сейдімбек Ақселеудің құрметіне мемориалды тақта ашылды

Бүгін көрнекті жазушы, ағартушы-ғалым, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейдімбек Ақселеудің құрметіне арналған мемориалды тақтаның салтанатты түрде ашылды.

Алматы, NEGE. Ақселеу Сейдімбек 30-дан астам көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың, бірқатар оқулықтың және 400-ден астам ғылыми мақаланың авторы.

Ол ҚР Ұлттық Кеңесінің, ҚР Терминология және ономастика комиссиясының, ҚР Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесі президиумының, Ғылыми қызметкерлерді аттестациялау департаменті зерттеу комиссиясының, "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы қоғамдық кеңесінің, Қазақстан Журналистер одағы басқармасының мүшесі болған.

Ескерткіш тақта Қожамқұлов көшесі 128-үйге орнатылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады