Алматыда кореялық мобильді скринингтік-орталық жұмысын бастады

Алматыда тұрғындарды коронавирустық ифекцияға тестілейтін мобильді скринингтік-орталығының ашылу салтанаты өтті. Оңтүстік кореялық МPK Clinic медициналық ұйымының Covid-19-ға қарсы орталығының ашылуы Жеңіс күнінің 75 жылдығына арналды.

Алматы, NEGE. Орталықтың ашылу салтанатына қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев, Medical Partners Korea құрылтайшылары – м.ғ.д., профессор Ғалымжан Тоғызбаев, Kazakhstan МРК бас директоры, профессор Мин Хисук, стратегиялық директор Ким Квангбум, Seegene Clinical Laboratories директоры Ким Де Енг, Korean Health Industry Development Institute директоры Ким Ли Хе, сондай-ақ орталықтың алғашқы келушілері қатысты.

Өндірушілер тестілеу жүйесінің аз уақыттың ішінде барынша көп адамды скринингтен өткізуге мүмкіндік беретінін, ең бастысы – көліктен шығуды қажет етпейтін қауіпсіз жүйе екенін атап өтті.

"Алғашқы мобильді скринингтік орталық Оңтүстік Кореяда іске қосылды. Бүгінде бұл тәжірибе АҚШ-та кеңінен қолданылуда. Алматы қаласы да аталған тестілеу жүйесін алғашқылардың бірі болып енгізіп отыр. ДДҰ-мен ұсынылған мобильді скринингтік әдіс ең қауіпсіз саналады", – деп мәлімдеді MPK құрылтайшыларының бірі, профессор Мин Хисук.

Мобильді орталықта күніне 100-ден астам тест жүргізуге мүмкіндік бар. Ұялы телефон қосымшасы арқылы алдын-ала тіркелген жағдайда бір адамды тестілеуге шамамен 3-5 минут қажет. Бұл дәстүрлі скринигке шығындалатын уақыттан үш есе кем көрсеткіш. Жұмыс легінің ұйымдастырылуына байланысты жұмысқа шамамен төрт адамнан сегіз адамға дейін жұмылдырылады. Қызмет ақылы түрде өтеді.

MPK құрылтайшыларының бірі, м.ғ.д., профессор Ғалымжан Тоғызбаевтың айтуынша, биологиялық материалды жинайтын зертхана Seegene технологиясы бойынша жұмыс істейді. Демек бұл зертхана инфекцияларды диагностикалау бойынша әлемдегі көшбасшы мекеме. Айта кететіні, Оңтүстік Корея аумағынан тыс жерде орналасқан бұл жалғыз зертхана Алматы қаласында жұмыс істейді.

Мобильді орталықтың жұмыс істеу кезеңдері төмендегі сызбаға сәйкес жүргізіледі: кіру - тіркелу - тексеру - үлгіні алу - нұсқаулық - шығу. Тестіленуші кіргеннен кейін жеке ақпарат, эпидемиялогиялық факторлар мен қосалқы симптомдардан тұратын сауалнаманы толтырады. Кабинада дене қызуы контактісіз термометр көмегімен өлшенеді. Осы кезеңде COVID-19 вирусына күдікті болған жағдайда тестіленуші мамандандырылған ауруханаға ауыстырылады.

Қазір оқып жатыр

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды