Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Алматыда көпқабатты үйдің бірінен өрт шықты.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 22 тамыз күні кешкі сағат 21:20 кезінде «101» пультіне Төле би көшесіндегі 15 қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер Алмалы ауданының Төле би көшесіндегі 273/6-үйге жіберілді. Келген сәтте 15 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатының балконында өрт шыққанын анықтады. 2 шаршы метр аумақта үй заттары жанған. Өрт сөндіру техникасының өтуіне тұрғындардың жеке көліктерін тығыз қойғаны кедергі келтірді. Уақытты жоғалтпай жағдайды бағалап, өрт сөндірушілер 5 қабатқа үш иінді сондай-ақ «шабуыл» өрт сатыларын қолдана отырып, жоғарғы қабаттарға көтеріліп, өрті 3 минут ішінде ауыздықтап үлгерді. Өрт толығымен 21.36 минутта сөндірілді. Өрттен ешкім зардап шекпеді»,- деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді