2 августа 2023 г. 0:34
Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 1 адам қаза тапты
31 жастағы әйел ауыр жарақаттардан көз жұмған.
Алматы, NEGE. Өрт салдарынан 43 адам зардап шеккен. 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілген.
12 ересек адам қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізіліп, оның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылған. Басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты.