Алматыда көмекке мұқтаж 1,7 мың отбасына азық-түлік таратылды

Nur Otan партиясының алматылық филиалы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды.

Алматы, NEGE. Партияның алматылық филиалы «Metall Prom» ЖШС бас директоры, партия мүшесі Абдухалил Долкунтаймен бірлесіп Елбасының бастамасымен жалғасып келе жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында 1 700 аз қамтылған отбасына 51 тонна азық-түлік жеткізді. Әр отбасына 30 келі азық-түлік берілді. Онда ұн, макарон, сұйық май, күріш, қарақұмық пен қант бар. «Елбасы жариялаған #BizBirgemiz акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек беру мақсатында қаражат бөліп, 1 700 отбасына бардық. Бұл акцияға Jas Otan жастар қанатының волонтерлері қосылды. Олар азық-түлікті көрсетілген үйлерге жеткізуге көмектесті. Оларды қажетті қорғаныс құралымен қамтамасыз еттік», – деді Д. Абдухалил.

Өз кезегінде осындай қолдауға ие болған, ІІ топтағы мүгедек қызды тәрбиелеп отырған Рәбиға Әлмағамбетова Елбасының #BizBirgemiz атты игі бастамасына, «Nur Otan» партиясы мен волонтерлерге өз алғысын білдірді. Айта кетейік, азық-түлік тарату кезінде барлық санитарлық норма сақталды.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды