Алматыда көлік жуу орны мен кафе өртенді

Алматыда көлік жуатын орын мен кафенің шатыры өртенді.

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 13.50-де ТЖД күштері мен құралдары Горный Гигант ықшамауданы, Ахмедияров көшесі, 20 мекен-жайына аттанды. Сағат 13.57-де жеткен кезде бірқабатты көлік жуу және кафе мен оған жақын үшқабатты ғимараттың шатырлары ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралу қаупі болды.

"Өрт шыққан жерде жедел штаб жұмылды. Электрмен жабдықтау қызметі нысанды қуаттан айырды. Өрт шыққан жерден 2 газ баллоны эвакуацияланды", - деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт сөндірушілер 25 минут ішінде өртті ауыздықтаған. Оған 23 техника мен жеке құрамның 70 адамы жұмылды. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін