Алматыда көлік жүргізушілері жанжалдасып, бірі қарсыласының бетінен атқан

Алматы қалалық ПД аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлайды, деді полициядағылар.

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында ауызша жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі қарсыласының бетінен атқан.

Күдікті қамауға алынды. ИЖ газ тапаншасы тәркіленді.

Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.