Алматыда «Қолдау» ұзақ мерзімді күтім жөнінде кеңес беретін орталығы ашылды

Қазіргі кезде адамның басына түрлі жағдай тууы мүмкін. Мұндайда көмекке келетін орталықтың да болғаны дұрыс.

Алматы, NEGE. Алматыда Oasis Group Distribution компаниясы мен Нұр Отан партиясының Алматы қалалық филиалының қолдауымен «Қолдау» ұзақ мерзімді күтім жөніндегі кеңес беру орталығы ашылды. Мұны ашудағы мақсат – өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға жан-жақты көмек көрсету, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ауыр науқастарға және қарт адамдарға күнделікті күтім жасайтын адамдарға қолдау көрсету. Өйткені, отбасында ауыр науқас адам пайда болған жағдайға тап болған көптеген адамдар шатасып, өзін қалай ұстау керектігін және оған дұрыс күтімді қалай ұйымдастыру керектігін білмейді. Дәл осындай кеңес беру және оқыту орталықтары ТМД және Еуропа елдерінде, мысалы, Польша, Литва, Ресейде және басқа елдерде жұмыс істейді.  

Қолдау орталығында ауыр науқастарға күтім жасау мәселелерінде көмекке мұқтаж адамдардың барлығына көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, туыстарға, қамқоршыларға арналған дұрыс күтім жасау дағдылары бойынша семинарлар   ұйымдастырылады. Яғни, жатқан науқастарға сапалы күтім жасауды ұйымдастыру, оңалту құралдарын дұрыс таңдау, әлеуметтік қолдау шаралары туралы және т. б. мәселелер бойынша консультациялар; туыстарына, қамқоршыларға және мүгедек адамдарға, ауыр науқастарға және қарт адамдарға дұрыс күтім жасау дағдыларын үйрету; әлеуметтік қызметтер порталында оңалтудың техникалық құралдарының тапсырыстарын ресімдеу; әлеуметтік қызметтер порталында тапсырысты ресімдеу үшін қажетті ЭЦҚ рәсімдеу бойынша қызмет көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты