Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Алматы,NEGE. «2022 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады», – делінген хабарламада.
Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.