Алматыда Көкжайлау шатқалы өртеніп жатыр

26 қыркүйекте Алматыдағы Көкжайлау шатқалында өрт шықты, деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Алматы, NEGE. Төтеншеліктердің хабарлауынша, 1720 метр биіктікте қураған ағаш жанып жатыр.

- Өртті сөндіруге Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің, Іле-Алатау МҰТП, "Қазавиаорманқорғау" АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына көлікпен бару мүмкіндігі болмағандықтан, құтқарушылар жаяу көтерілуде. Төтенше жағдайлар министрінің өкімімен жедел ден қою үшін «Қазавиақұтқару» АҚ су ағызу құрылғысы бар тікұшағы да жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?