Алматыда Қоғамдық медициналық кеңес құрылды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындау аясында, сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов белгілеген медициналық қауымдастықпен өзара әрекеттестік жүйесін құру жөніндегі нұсқауына сәйкес шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаровтың басшылығымен Алматы қаласының Қоғамдық медициналық кеңесі құрылды (АҚМК).

Алматы, NEGE. Кеңестің құрамына медициналық қауымдастықтардың шамамен 140 жетекші профильді сарапшылары мен өкілдері енді. Олардың қатарында азаматтық белсенді, «АГжПҒО» АҚ тәуелсіз директоры Аида Әлжанова, ТРИЗ-фасилитатор, халықаралық аккредитацияланған медиатор Ирина Виговская, «Алматы клиникалары қауымдастығы» ЖКжЗТБ атқарушы директоры Расул Дүйсенов, Қазақстандық репродкутивті медицина қауымдастығының президенті, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер Вячеслав Локшин, А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Болатбек Баймаханов, сонымен бірге, республикалық медициналық орталықтардың, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың, медициналық университеттердің, қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің өкілдері бар. 

Кеңестің міндеті – ағымдағы жағдайға талдау жасай отырып, Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша шараларды жасап шығару. Кеңес құрылымында келесідей бағыттар бойынша үш жұмыс тобы құрылған: дәрігерлердің вирусты жұқтыруын болдырмау, қазіргі шынайы жағдайдағы медицина ұйымдарының жұмысы, Алматы қаласында денсаулық сақтау жүйесінің посткризистік даму стратегиясы.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы (болашақтағы) дағдарысқа дайындықты қамтамасыз етуде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртып, қойылған міндеттердің басымдығын қайта қарау үшін жаңа бастамаларды қолға алуымыз керек. Қоғамдық медициналық кеңестің мақсаты – Алматы қаласы денсаулық сақтау жүйеісінің посткризистік дамуы үшін қажетті шаралар пакетін жасап шығару. Жаңа тәсілдер медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, қалалық медициналық қоғамдастықтың азаматтардың денсаулығына қатысты жағдайларда тез әрекет етуге,сонымен бірге, әлдеқайда кең тарайтын ауру түрлеріне қарай бағытталатын болады», – деп атап өтті Е.Бабақұмаров.

Кездесу барысында медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінен қорғау тәсілдері қарастырылды. Жекелей алғанда, медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныш құралдары сапалы тесттермен қамтылуын және коронавирусты тексеруде зертханалық зерттеулерді жақсарту жайы да сөз болды. 

Қазір оқып жатыр

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды