Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 200 теңге болды

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге арналған жаңа тариф бекітілді.

Алматы, NEGE. Бұл шешім 9 тамызда Алматы қаласы мәслихатында бірауыздан қабылданды.

Алматыда жол жүру ақысы Оңай картасымен төлегенде 100 теңгеге дейін, қолма-қол төлегенде 200 теңгеге дейін көтерілді.

«Қолма-қол ақшасыз төлеммен 100 теңге және қолма-қол төлеммен 200 теңге мөлшерінде жаңа тарифтерді қолдану биылғы жылы субсидиялар сомасын шамамен 10 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді. Оларды басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларға қайта бөлуге болады», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәслихаттың VII сессиясында.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді