Алматыда қоғамдық көлікке атпен кірген азамат жауапкершілікке тартылды
Желі арқылы таралған фактілерге сәйкес, Алматыда қоғамдық көлікке атпен кірген жолаушы құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz .
Алматы, NEGE. “Біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 12-маршруттағы автобуста жылқысын тасымалдаған азамат Ж-ны анықтады. Ол қателігін бірден мойындап 407-2 ҚР ҚБ 1-бөлігінің 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – деп хабарлады Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы Дәурен Өтебаев.
Тасымалдау кезінде жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, 407-2-бабында заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғатыны атап өтілді.