Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды

Алматылық полицейлер қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары оларға Әуезов аудандық ПД-да орнатылған ескерткішті арнады. Ашылу салтанатына Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер, полиция қызметкерлері, сондай-ақ Халық Қахарманы Ғазиз Байтасовтың әйелі қатысты.

– Тәуелсіздік жылдарында Алматы полициясының 70 қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапты, олардың 32-сі қылмыспен бітіспес күресте. Бесеуі Әуезов аудандық Полиция басқармасында қызмет етті. Олардың адалдығы мен ерлігі тарихта қалады, барлық уақытта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде үлгілі қызмет көрсетудің үлгісі болады және ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалады. Батырлардың есімдері біздің жүрегімізде және жадымызда мәңгі сақталады, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді