Алматыда қызыл кітапқа енген ағаштар кесілген

Алматыдағы Жандосов көшесінің бойындағы ағаштар жаппай кесілген.

Алматы, NEGE. Алматылықтар әлеуметтік желіде Жандосов - Навои көшелерінің қиылысында ағаш кесілгенін айтып шағымданды.

Осыған байланысты Алматы қаласының жасыл экономика басқармасы түсініктеме берді.

«Мамандар экобелсенділермен бірге оқиға орнына барды. Бірақ, оларды аумаққа кіргізбеді. Дронның түсірген видеосы бойынша 300-ге жуық ағаш рұқсатсыз кесілген. Материалдар табиғат қорғау прокуратурасына жіберіледі», - деп мәлімдеді басқарма.

Еске салсақ, жақында қала тұрғындары Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі ағаштардың кесілуіне шағымданған еді.

Ол ағаштардың арасында Қызыл кітапқа енгендері бар деп болжанды.

Кейінірек 300-ге жуық ағаштың заңсыз кесілгені туралы акт жасалды.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

«Баға өсті, ақша жетпейді» – Базарбек депутаттардың жағдайы туралы

Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Қазақстандағы ең жас миллионерлердің қатарына енді

Францияда қытайлық маркетплейстердегі тауарлардың 46%-ы қауіпті деп танылды: БАҚ Temu мен Shein-нен күдіктенеді