Алматыда кинотеатрлар келушілерді QR-кодпен кіргізуі мүмкін

Алматы кинотеатрлары келушілерді QR-код бойынша кіргізу жүйесін енгізуге ниетті.

Алматы. NEGE. «Қазір кинотеатрлар өздерінің алгоритмін әзірлеуде. Көрермен онлайн-билеттерді сатып алу сатысында қосымшада тіркелуі үшін механизмдерді ойластырып жатыр. Кинотеатр иелерінің пікірінше, бұл кинозалдың барлық көрермендері үшін вирус жұқтыру қаупін азайтады», – деді қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева.

Алматыда QR-код бойынша өткізу жүйесі 15 фитнес-орталық, SPA және саунада қолданылып келеді. Бұған дейін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы атап өткендей, жұмыс істейтін базарлар, сауда орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге QR-кодтарды енгізудің қажеті жоқ. Бұл шара бизнесін қайта бастай алмайтын салаларға қажет.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды