Алматыда кинотеатрлар қашан ашылады?

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин көрермендерді 30 пайыз сыйымдылықпен кинотеатрларға кіргізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Алматы, NEGE. "Театрлар мен кинотеатрлар қазір онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр. Енді біз әр театрға театр әкімшілігі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіні туралы нұсқауларды қарастырудамыз. Бұл қашықтық, маска мәселелеріне қатысты. Әрине, ғимараттарда адам саны шамадан тыс болмауы керек. Егер осы шаралар сақталса, санитайзерлер, қашықтықтан істейтін термометрия орнатылса, бұл объектілер жұмыс істейді.

Қазір көрермендердің 30 пайызын кинозалға кіргізу мәселесі күн тәртібінде. Залдың конфигурациясына байланысты шахмат түрінде, не қатарлар немесе көрші орындықтар арасында бір метр қашықтық болады. Осындай ұсыныстар айтылуда. Әр зал өзінің нұсқасын ұсынады", - деді Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты