Алматыда кезекші сыныптар жабыла ма?

Алматыда мектептердегі кезекші сыныптар жабылмайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Егер бір мұғалім ауырып қалса, сыныпта отырған 30-40 оқушы да ауырады. Егер одан әрі көбейетін болсақ, мұғалім оқушылардан басқа мұғалімдермен де байланысады. Бұл мектеп бойынша инфекцияның қарқынды таралуына ықпал етеді. Балабақшада да солай. Сондықтан кезекші сыныптар барлық талаптарға сәйкес болуы керек. Санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып мектептердегі кезекші сыныптар мен балабақшалардағы кезекші топтардың жұмысы жалғасады», - деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, бұл балалар арасында аурудың күрт өсуіне жол бермейді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?