Алматыда «Кенжехан» базарының саудагерлері наразылыққа шықты (видео)
Алматыда «Кенжехан» базарының саудагерлері наразылыққа шықты, деп хабарлады Egov.press телеграм каналы.
Алматы, NEGE. Кәсіпкерлер жаппай наразылыққа шықты, өйткені әкімшілік олардан базарды қалпына келтіру жұмыстары үшін ақша жинайтындарын жеткізген.
Базар әкімшілігінің алдына жиналған кәсіпкерлерге басшылық жауап бермеген.
«Базарды қалпына келтірудің қажеті жоқ. Егер қалпына келтіреміз десе, өз ақшаларына жасасын. Қарапайым халық жасамауы керек. Қазір біз миллиондап ақша береміз, базарды қайта жасайды. Ертең бізге «Кімсіз? кетші...» деп ештеңесіз қалдырады. Мұның бәрі алдау», - дейді кәсіпкерлер.