Алматыда Кеңсайдағы бейіттерді тонап кетті

Алматыда мола тонап, пайда таппақ болғандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы, NEGE. Ұрылар зираттардың шойын қоршауын қолды қылып, тас-талқанын шығарған. Мұны марқұмдардың жақындары Кеңсайдағы бейіт басына барғанда бір-ақ көріп, жергілікті полицияға шағымданған. "Менің әкем, шешем және кішкентай қызым, туған әпке, жездем осында жерленген. Басындағы қоршауды түгел алып кеткен", – деді қала тұрғыны Шынар Тергемесова.

Ұрылар көпшілікке білінбес үшін тек бейіттің ортасындағы мүрделерді тонаған көрінеді. Себебі темірі кесіліп, қоршауы қолды болған жердің көбі дерлік жол бойынан тасада орналасқан. Ал Кеңсай зиратының меңгерушісі Шалқар Тойлыбаев аталмыш жағдайдан бейхабар екенін айтады.

Алматы қаласы Медеу аудандық полиция департаменті болса, аталған іске қатысты арызды кеше тіркеген. Өйткені шағымданушы тарап ұрлық болған жерге құқық қорғау органдарын шақырған.