Алматыда «Қазақфильм» киностудиясы өртенді

Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясында өрт шықты.

Алматы, NEGE. Ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

«14 тамызда сағат 21:33-те кезекші пультіне Әл-фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндіруде», - деді ТЖД баспасөз қызметі.