Алматыда кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған алаяқ ұсталды

Алматыда алаяқты ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді: ол кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған. 1981 жылы туған күдікті өз кінәсін мойындады.

Алматы, NEGE.Полицияға жүгінген кәсіпкердің айтуынша, бейтаныс ер адам одан жалған қарыздар есебінен 260 мың доллар бопсалап, күш көрсетумен қорқытқан.

Алматы ПД баспасөз қызметі бұл факті жедел және арнайы іс-шаралар барысында расталғанын түсіндірді.

Полиция арнайы жасақтарының қатысуымен өткізілген операция нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Рұқсат етілген тінту кезінде қаражат тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомствода атап өткендей, арнайы операция Әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан дәмханалардың бірінде жүргізілді.