Алматыда қарттарға арнап эстрада жұлдыздары концерт қойды

Алматы әкімдігінің қолдауымен «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы Халықаралық қарттар күніне арналған концерт ұйымдастырды.

Алматы, NEGE. Қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, орталықтағы 287 адамға естелік сыйлық табысталып, мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Әлеуметтік қызметтер орталығы зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек көрсетеді, күніне төрт рет тамақ, дәрі-дәрмек және толық медициналық көмек көрсетіледі. Мұндағы қарттар үйірмелерге қатысып, түрлі іс-шараларға қатыса алады.

- Біздің орталық санаторийге ұқсайды. Қарттар біздің қамқорлығымызда. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар бізге жүгіне алады, - дейді «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығының директоры Зафар Аппазов.

Алматыда қарттар күніне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр. Қайырымдылық акциялары, марафондар, қарттар мен ардагерлерге арналған концерттер өтеді.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды