Алматыда қарттар форумы өтті

Алматыда қазыналы қарттар мен мектеп оқушылардың қатысуымен форум өтті. Наурызбай ауданының білім бөлімі ұйымдастырған бұл шара №174 мектеп-гимназиясында өтті, деп жазды BAQ.KZ.

Алматы, NEGE. Форумға қатысушы ата-әжелер төрт топқа бөлінді. Оқушылардың қолөнер көрмесі ұсынылды, шахмат, тоғызқұмалақ, қол күрестен балалар мен ата-әжелер арасындағы жарыс өткізілді.

"Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді. Мақсатымыз – өскелең ұрпақтың бойына ата-әжеге деген құрметін ояту. Жастарымыздың қазақы дәстүрді қадірлеп, қадір-қасиетіне бойлауына маңыз береміз. Форум отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-әженің бала мен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруды негізге алады, – дейді No174 мектеп директоры Арнагүл Мәлікова.

Бұдан кейін мектеп-гимназияның мәжіліс залында «Бала тәрбиесіндегі ата-әженің рөлі» тақырыбында арнайы тренинг өткізілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады