Алматыда кардиологиялық орталықтың жанындағы ғимарат өртеніп жатыр
Алматыда кардиологиялық орталықтың жанындағы ғимарат өртеніп жатыр.
Алматы, NEGE. «Төтенше жағдайлар департаментінің 42 қызметкері мен 14 техника Алмалы ауданы Төле би көшесіндегі 98-үйдегі шақырту бойынша өртті сөндіріп жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша жеке тұрған ғимараттың шатыры отқа оранған. Өрт гидранттары жіберіліп, гидранттарға автоцистерна орнатылды», – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Газ түтіннен қорғау қызметі ғимарат ішінде адамның бар жоғын анықтау үшін барлау жүргізуде