Алматыда кардиологиялық орталық жанындағы өрт: Бір адамның мәйіті табылды

Алматыда қалалық кардиологиялық орталық аумағында орналасқан ғимарат өртенді. Өрт салдарынан жарылыс шығып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы, NEGE.  «Мекеме өкілдері өрт сөндірушілерге оттегі тарату пунктінің бір қызметкері (техник) эвакуацияланған адамдардың арасында жоқ екенін айтты. Олардың айтуынша, жарылыс кезінде техник жұмыс орнында болған. Өрт сөндірумен қатар өрт сөндірушілер қаза болған 1988 жылы туған адамды іздеді. Оның денесі жарылған баллоның жанынан табылды», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін қалалық кардиологиялық орталықтың аумағында орналасқан ғимарат отқа оранды. Оттегі тарату пунктінде жарылыс болды. Қызыл жалын сағат 15: 47-де оқшауланып, сағат 16: 07-де толықтай сөндірілді. Өрт 280 шаршы метрді шарпыды. 

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған