Алматыда карантин жеңілдетілді

Алматыда бас мемлекеттік санитария дәрігерінің карантинді жеңілдету туралы жаңа қаулысы күшіне енді.

Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес, 4 қыркүйектен бастап Ashyq қатысушылары демалыс күндері жұмыс істей алады. Қарапайым мүшелер - 00.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары - 02.00-ге дейін мәртебесі «жасыл» адамдарды ғана кіргізеді.  Ал 6 қыркүйектен бастап жұмыс күндері қарапайым Ashyq қатысушылары үшін жұмыс уақыты 00.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары үшін 02.00-ге дейін ұзартылады.

Бұған дейін Бекшин өзінің қаулысына сәйкес көптеген бизнес нысаны демалыс күндері «жасыл» мәртебесі бар келушілерге ашылатынын айтқан болатын. Алайда вакцина алмаған немесе жақын уақытта ауырмаған мәртебесі «көк» адамдар бұл нысандардың көпбіне кіре алмайды. Сондай-ақ, Алматының бас санитария дәрігері соңғы жеті күнде нәтижесі теріс ПТР-тесті бар немесе медициналық анықтамасы бар адамдарға «жасыл» мәртебе берілетінін хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды