Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Алматыда карантин талаптары жеңілдетіледі. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

Алматы, NEGE. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысымен шектеу критерийлері екі блокқа жіктелген: «Ashyq» жобасына қатысатын және қатыспайтын нысандар ескерілген. Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасындағы мейрамхана, дәмхана және кофехана сияқты қоғамдық тамақтану нысандары (ғимарат ішіндегі) 50 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде «сары» және «қызыл» аймаққа қатысты. Осындай график жазғы алаңдарға, банкет залдарына да бекітілген. Ал фудкорттар үшін 20 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.

Бұл қаулы маусымның 8-інен бастап күшіне енеді. Қазір мегаполис сары аймақ санатында. Сондай-ақ кинотеатр, театр мен концерт залдары жалпы сыйымдылықтың 40 проценті көлемінде қызмет көрсете алады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті